Білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.
Бағалардың жиынтық балы:
негізгі орта білімі бар (9-сынып) оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстар бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);
жалпы орта білімі бар (11-сынып) түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);
мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін –төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары бойынша (педагогикалық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша) қалыптасады.
Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білім туралы құжаттың (диплом) орташа балы.
Басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған жағдайда міндетті және бейінді пәндер тізбесін білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.
Медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар психометриялық тестілеудің қорытындысы бойынша конкурсқа жіберіледі, оны өткізу нысанын білім беру ұйымдары айқындайды.