Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы»,- дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңі- білімді жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар. Міне осындай ұстанымдарды ұстай отырып, ауыл жастарына есігін айқара ашқан оқу орны, алғашқы оқу жылын 2006 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Есік медициналық колледжіне» қарасты Шелек филиалы ретінде Шелек ауылында бастауын алған. 2007 жылдан бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Шелек медико- гуманитарлық колледжі» ұйымдастырылып, 2014 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Шелек медициналық колледжі» атауына ауыстырылды. Колледж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласының бақылау комитеті , Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті берген 03. 04. 2014 жылғы , № 14004439 мемлекеттік лицензиясы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.
Колледж жеке меншік 2 қабатты ғимаратта оқу аудиториялары мен зертханасы ,симуляциялық орталығы, кітапхана оқу залы, акт залы, асханасы, алғашқы әскери дайындық пәнін өткізуге арналған алаңы мен бөлек орналасқан спорт кешенімен жалғасын тапқан Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында Қағазбаев атындағы көшенің № 2 мекенінде орналасқан
Оқу орны төмендегі мамандықтар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде мамандар даярлайды:
- «Емдеу ісі» біліктілігі 0301013 «Фельдшер»
- «Мейіргер ісі» біліктілігі 0301033 «Жалпы практика мейіргері»
- «Фармация» біліктілігі 0306013 «Фармацевт»
- «Ортопедиялық стоматология» біліктілігі 0307013 «Тіс технигі»
Алғашқы оқу жылын білім ордасының ойы озық, шығармашылығы шырқау, ізденісі ілгері, ұжымымен бірге колледж директоры Турсунбуби Хайпбековна Юсупова өз жұмысын бастады.Алғашқы күннен бастап басшы ретінде Турсунбуби Хайпбековна Юсупова ұжымына қолайлы моральды- психикалық ахуал жасай отырып, оқытушылардың бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберліктерінің дамуында колледждің әдістемелік жұмысының заман ағымына қарай үнемі жаңашалануына, жас мамандардың жан - жақты дамуына,инновациялық білімді дамыту, өзгерістер енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтар өмірге әкелу жұмыстарына ерекше көңіл бөле отырып, колледждің материалды- техникалық базасын жыл сайын нығайтып отырады.
Колледж Қазақстан Республикасының замануи білім және тәрбие беру саясаты мен денсаулық сақтау жүйесінің реформаларын алға тарта отырып мамандарды даярлайды. Колледж білім дәстүрлерін қолдайтын білікті 40 астам жоғарғы білімді оқытушылар ұжымынан тұрады, олардың 50 пайызынан астамы жоғарғы және бірінші санатты білім және денсаулық сақтау саласындағы мамандар. Орта буынды медициналық мамандарды даярлауда ұжымның алдында бірнеше жаңаша міндеттер тұр; саяси, әлеуметтік– экономикалық, жаһандану факторларын ескере, маманның білімді, сапалы, білікті болуына оқу үрдісінің үнемі жаңашалануы көзделген. Мақсаттарды алға қоя отырып колледжде білімгерлердің сапалы білім алуына жағдайлар жасалған, оқу аудиториялары интербелсенді тақталармен, тасымал- жылжымалы тақта проекторлар, жаңа технологиядағы теледидарлармен жабдықталып, сонымен қатар оқу үрдісінде тиімді қолданысқа ие, локальды интернет желісіне қосылған ақпараттық технологиялар кабинеті жұмыс жүргізеді.
Болашақ мамандардың теориялық білімдерін клиникаға дейінгі тәжірибелік білім дағдысын шыңдауға арналған колледжде симуляциялық орталық құрылған. Бұл орталық барынша жаңаша тренажер, муляж, манекен, фантомдармен жабдықталып, науқасқа ешқандай зиян келтірмейтіндей , білімгерлерге осы орталықта өз тәжірибесін шындап шығуына мүмкіндік берілген.
Колледж кітапханасының қорында жалпы білім беру, әлеуметтік – экономикалық,жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша басылым оқулықтары ұсынылған. Кітапхана қоры «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті медициналық білім беру стандартына» сай толықтырылып отырады.Оқу орнының оқулық қоры оқу және оқу әдістемелік әдебиетін қоса алғанда 1 білімгерге шаққанда- 25,6 дана. Кітапхана үнемі білімгерлердің ізденіс дамуына ықпал ететін ақпараттық қосымша әдебиеттермен толығып отырады.Кітапханада білімгерлерге интернет желісімен қосылған компьютерлермен жабдықталған оқу залы, электронды кітапхана және электронды оқулықтар ұсынылады.
Білімгерлерді салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында колледжде спорттық кешен және спорт алаңы салынған. Бұл спорт кешенінде тек дене шынықтыру дәрістері ғана өтіп қоймай сонымен қатар білімгерлердің дәрістерден тыс уақыттарында қызығушылықтарына қарай спорттық үйірмелер ұйымдастырылған.Спорттық кешен бірнеше залдардан тұрады:
- Спорттық керек жабдықтармен жабдықталған үлкен зал
- Жаңаша спорттық тренажерлармен жабдықталған зал
- Ашық гимнастикалық алаңы
Уақыттың жаңаша талаптарына сай колледждің әрі қарай дамуында ауылдық денсаулық сақтау салаларымен әлеуметтік серіктестікті нығайту және дамытудың мәні зор. Бұл дегеніміз жас маманның оқу тәжірибесінің шыңдалуы. Осыған орай колледж төмендегі медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен келісім шарттарға отырған;
- С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
- ММ-ң ШЖҚ Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының «Аудандық ауруханасы»МҚҚ
- Еңбекшіқазақ ауданы санитарлық-эпидемиологиялық экспертиза орталығы.
- ММ-ң ШЖҚ Еңбекшіқазақ ауданы Малаводное ауылының «Аудандық ауруханасы»МҚҚ
- ҚР БҒМ «Ботаника және кіріспе институты РМК». Алматы қаласы
- «Шипагер» медицина орталығы. Шелек ауылы
- ЖШС «Абдинор». Алматы қаласы
- ЖШС «Фармаком». Алматы қаласы
- ЖШС «Фармация» . Талғар қаласы
Оқу орнында орта буын медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру бөлімі жұмыс жүргізеді, бұл бөлім жыл сайын 70-100- ге дейін орта буын медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өткізеді, арнайы курс сертификаттары беріліп, тіркеледі.
Қазіргі таңда ЖШС «Шелек медицина колледжі» ауданымыздың беделді оқу орындарының біріне айналды. Колледж екі мәрте Мемлекеттік атттестациядан өтіп, колледж түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Колледжде орта буынды медициналық және фармацевтикалық мамандардықтар бойынша 600 астам білімгер білім алуда.
Біз өмір сүріп отырған ғасыр- біліктілер мен білімділердің ғасыры. Білімге қол созғандардың қашан да бүгіні жарық, болашағы жарқын. Жарқын болашақтың бастауын бүгіннен қалайтын білім ордасының оқытушылары шәкірттерін шыңдаудан еш жалыққан емес. Колледж білімгерлері халықаралық, республикалық,облыстық , аймақтық ғылыми – практикалық Кіші ғылыми академия конферецияларының басты жүлдегерлері, Алматы облыстық «Үздік мейіргер», «Үздік фельдшер» жүлдегерлері. Оқытушылар арасында Алматы облыстық «Үздік оқытушы» мен «Мейірбике ісі негіздері пәнінің үздік оқытушысы» жүлдегерлері аттануда. Бұл кеше ғана ашылған білім ордасы үшін үлкен мәртебе, зор табыс, асқақ абырой.
2006 жылдан -2017 жылға дейін уақыт аралығында , «Емдеу ісі» біліктілігі «Фельдшер», «Мейіргер ісі» біліктілігі «Жалпы практика мейіргері», «Жалпы практикадағы акушер», «Фармация» біліктілігі «Фармацевт», «Ортопедиялық стоматология» біліктілігі «Тіс технигі» орта буын медицина мамандықтары бойынша 1270 астам білімгер мемлекеттік үлгідегі дипломмен тамамдады.
Қорыта айтқанда шәкірттеріміз Қазақстан Республикасының көп салалы экономикасына, оның ішінде денсаулық сақтау саласында, білім мен ғылымына үлесін қосып жүрген азаматтар.
Қазіргі таңда әртүрлі жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан, еңбек етіп жүрген және колледж қабырғасында білім алып жатқан шәкірттеріміз колледж тарихының жарқын беттерін алтын әріптермен жазылатын тың оқиғалармен толтыра түсетініне сеніміміз мол!