«Жаңа бағдарлама- жаңа бағыт» жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі
Қазіргі таңда колледжде білім беруді дамытудың кезеңінде оқытушылардың күн сайын шешетін маңызды міндеттері: білімгерлердің когнитивтік қызметін жандандыру, зерттелетін пәнге тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.
Когнитивті қызығушылық белсенділікті тудырады және когнитивті белсенділіктің өсуі тек оқу және сабақтан тыс іс-шараларға біртұтас көзқараспен ғана қол жеткізуге болады. Осы бағыттағы ең тиімді нысандардың бірі – колледж ішінде пәндер бойынша онкүндікті өткізу.
Білімгерлердің пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін колледжде 5 қарашадан бастап 15 қарашаға дейін жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі 1-2 курс білімгерлері және оқытушылар арасында өткізілді. Онкүндіктің жоспары бойынша:
- «Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт» тақырыбына оқытушылар арасында WORKSHOP өткізілді, оқытушыларға сертификат берілді
- Ғылыми техникалық прогресс туралы көрме колледж ішінде білімгерлерге арналып өткізілді
- «Менің қиялым» тақырыбы бойынша жас мамандар өздерінің армандары туралы эссе жазды
- «Оқытушы мен білімгердің шеберлігі» тақырыбы бойынша жәрменке өткізілді
- «Мен 5 жылдан соң» тақырыбы бойынша білімгерлер арасында Өмір мен қызметтегі өзгерістер туралы бейне баян көрсетіті. Жас мамандар өздерінің армандаған болашағы туралы бейне баян көрсетіп, болашақ жеңістері туралы айтты
- «Менің бір күнім» тақырыбына оқытушылар арасында ашық сабақтар өткізілді
Онкүндіктің соңында жеңімпаздар анықталды және қатысушылар марапатталды.